Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты Самара-Шымкент тасжолының Қармақшы ауылынан Шиелі ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түріне қозғалыс шектелді», - деп жазды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды және Павлодар облыстарында боранға байланысты жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар