Самара - Шымкент тасжолында мақта тиелген жүк көлігі жанып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы аумағында жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама өрт сөндірушілерге жеткізілді.

«Шақыртуға аудандық өрт сөндіру бөлімінен 4 адам мен техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда жүк көлігіндегі тіркемеде 22 тонна мақтаның жанғаны анықталды. Өрт үш сағатта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар