Самара - Шымкент тасжолында 11 көлік соқтығысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолында, Хромтау қаласы маңында көліктер жаппай соқтығысып, 8 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық трассаның 859 тасжолында 11 көлік жол апатына ұшырады. «Мерседес» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Ваз-21115» көлігімен соқтығысты. «Қауіпсіздік үшін полиция барлық көліктің жүруіне тыйым салды. Сол кезде Хромтау қаласынан шыққан жүк көлігі жол жиегінде тұрған 9 көлікке барып соқтығысты. Жол-көлік апаты кезінде 8 адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар