Самара-Шымкент автожолында көлік апатынан жүргізуші көз жұмды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара - Шымкент» автожолында болған жол апатынан «Газель» жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 сәуір күні Әйтеке би ауданы Қияқты кентінің жанындағы «Самара-Шымкент» автожолында 38 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Өзбекстан азаматы тізгіндеп келе жатқан «DAF» жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Полицияның мәліметінше, қ ақтығыс салдарынан «Газель» автокөлігі өртеніп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Ал «DAF» жүк көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар