«Самалтау» әнін шырқаған Арай Айдархан қытайлық көрермендерді тәнті етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы үлкен музыкалық байқауларда қазақ әнін шырқап жүрген қандасымыз Арай Айдархан Fujian TV «Табиғи әуен» ұлттық әндер музыкалық реалти-шоуында өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Арай көрермендерді қазақтың «Самалтау» әнімен тәнті етті. Бір сағатқа жетпей, видеоны жобаның sina weibo әлеуметтік парақшасынан тамашалаушылардың саны 10 мыңнан асты.

 

Айта кетерлігі, бұл музыкалық жобаға қытайдағы аса танымал басқа ұлт әншілері де шақырылған.
null 

Арай Айдархан 1990 жылы Қытайдағы қазақтар шоғырланғанАлтай аймағы Алтай қаласында дүниеге келген. Бала кезінде дзюдомен айналысып,жарақатына байланысты спортпен қош айтысқан. 2013 жылы «Chinese Idol (中国梦之声)», 2014 жылы «Chian Is Listening(中国正在听)» ән байқауында бесінші орыннан көрініп, ерекше талантымен Қытайға танымал болған. Сондай-ақ, Арай қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп жатқан «Singer 2017» жобасында Димаштың музыкалық продюсері болып жүр.

null 
null  

Соңғы жаңалықтар