+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Самал Еслямова түскен «Айка» фильмі Германияда бас жүлдеге ие болды

2018 жылғы 11 қараша 21:40
Бөлісіңіз:
Самал Еслямова түскен «Айка» фильмі Германияда бас жүлдеге ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар «Айка» қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады. Айта кетейік, кинотуындыны режиссер Сергей Дворцевой түсірген.

Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге жергілікті көрермендер жоғары баға берген. Олардың айтуынша, Самал Еслямованың рөлді шынайы, асқан шеберлікпен сомдауы фильмнің өзге бәсекелестерінен дараланып, озық шығуына сеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.

«Мен мұндай фестивальдерге көптен бері қатысып келемін. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады, әрине. Фильмнің түсіріліміне дайындық басталғанда, ойланбастан Самалды рөлге бекіттім. Ұлты қырғыз болмаса да, қырғыз тілін үйреніп, өте жақсы ойнады», - деді «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевой.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT