Самал Еслямова Петропавлда Абай әндерін шырқады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» АА тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылдың ең басты мерекесімен халықты аймақ басшысы Құмар Ақсақалов құттықтаған. Облыс әкімі өз сөзінде ұлттық мерекенің мемлекеттілікті нығайтуда рөлі ерекше екенін атап өтті.

«Біз Тәуелсіз Қазақстанды бірге құрып жатырмыз. Мемлекетімізді қуатты және гүлденген ел ретінде көргіміз келеді. Ғасырлар бойы бостандықты армандаған бабаларымыздың ұлы тарихы бар. Мемлекет басшысының ұлы мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне бағыттар ерік-жігері бар. Біздің басты міндетіміз - осынау мақсатқа үлес қосу! Біздің басты ұлттық мерекеміз сіздердің жандарыңызға жылулық, жаңа үміт, отбасыларыңызға бақыт пен игілік әкелетініне сенімдімін », - деді Құмар Ақсақалов.

Дәстүр бойынша мереке кезінде Солтүстік Қазақстан тұрғындарына ордендер, медальдар мен дипломдар табысталды.

Шара барысында танымал киноактриса, Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова да өз жерлестерін құттықтады. Мереке қарсаңында актрисаға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген болатын. Награданы Самалға Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыстаған еді.

Мерекенің соңында қазақстандық жұлдыздар мен өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерт өтті. Концерт кезінде актриса Самал Ельямованың өнер көрсетуі аймақ халқы үшін ерекше тосын сый болды. Отандастары үшін Самал Еслямова мен Мұқанов атындағы қазақ театрының әртістері, марапатқа ие болған спортшы Маргарита Мұқашева Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

Көрермендер үшін сонымен қатар қазақстандық эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова мен «Тенгри» вокалдық-аспаптық тобы өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар