Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес субъектілері салық қарызын толық төлеген жағдайда, айыппұл мен өсімпұл сомасын кешіру шарасы жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері аталмыш рақымшылыққа 37 150 салық төлеуші ілініп, 2 млрд теңгеге жуық өсімпұл мен айыппұл кешірілген.

"Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Заңнамаға сәйкес түзетулер енгізу жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Қабылданған жағдайда рақымшылыққа 1 млн 390 мың адам ілініп, 7,0 млрд теңге өсімпұлдан құтылады. Ол үшін аталған топ оларға 13,9 млрд теңге сомасында негізгі бересіні төлеуі керек», - дейді мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектісінің мойнында өтелмеген салықтық берешек болған. Оның салық сомасы 210,4 млрд теңге, өсімпұлдар - 122,9 млрд теңге, айыппұлдар - 7,4 млрд теңге шамасында.

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық рақымшылық жылдың соңына дейін жалғасатынын хабарлайды. Осыған орай, шағын және орта бизнес субъектілеріне жиналған қарыздан құтылу арқылы мемлекеттік кірістер органы қойған барлық шектеулердің күшін жоюға болатынын еске салады.

Соңғы жаңалықтар