Салықтық борышкерлер тізімінің жариялануы: Қазақстандықтар қарыздарын төлей бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық берешегі бар азаматтардың тізімін жариялағаннан кейін қарыздарын қарқынды өтей бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімінін тұрақты негізде жариялап келеді. Еске салсақ, биылғы 30 қыркүйекте жарияланған тізімде 100 азаматтың жалпы қарызы 286 млн 19 мың 395 теңгені құраған болатын.

Негізгі қарыз сомасын өтеген азаматтар салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін пайдалана алды – олардың өсімпұлдары есептен шығарылды.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Дархан Рысбеков жер салығы бойынша қарызының 3 млн 193 мың 76 теңге көлеміндегі негізгі сомасын өтеп, 4 млн 6 мың 869 теңге сомасындағы өсімпұлы алынып тасталды.

«Сондай-ақ, Қостанай облысының тұрғыны Марат Давлетшин де салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін пайдала алды. Ол көлік салығы бойынша 408 мың 399 теңге сомасындағы негізгі қарызын өтеген соң, 421 мың 399 теңге өсімпұлы кешірілді», - деді комитеттен.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 8 адамның өтелген салық қарыздыраның жалпы сомасы 10 млн 512 мың 137 теңгені құрады (негізгі борыш – 5 480 181 теңге, өсімпұл – 5 031 956 теңге).

Жалпы, қазіргі уақытта ел бойынша барлығы 370 970 адам салықтық рақымшылықты пайдалана алды. Олар 8 млрд 737 млн 600 мың теңге негізгі борыш сомасын өтеп, 1 млрд 700 млн теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Қазақстанда салықтық рақымшылық биылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Яғни, негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылады.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың тізімдерін келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pr_-_100_zadolzhnikov_spisok.docx

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/dolzhniki_krup_summy_2.xlsx

Қазақстандықтар борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан тексере алады.

Соңғы жаңалықтар