Салықтық амнистия: Айыппұлдан қанша кәсіпкер босатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзаxметов салықтық амнистия кезінде қанша кәсіпкердің айыппұлдан босатылатынан жариялады. Аталған шара ҚР Президентінің кешегі Жолдауы аясында атқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше осы мәселе Үкіметте қаралды. Қазір 155 млрд теңгедей қарыз жиналған. Соның барлығы - 60 мыңнан астам кәсіпкердің мойнында. Енді, олар негізгі қарызын төлеуі керек. Ал айыппұл мен өсімақыны мемлекет өз мойнына алады», - деді А.Мырзаxметов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев xалыққа арнаған соңғы Жолдауында салықтық амнистия өткізуді тапсырды.

«Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын», - деп атап көрсетті Президент.

Соңғы жаңалықтар