+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Салықты төлеуге асықпайтын мемқызметшілердің рейтингі жасалды

2019 жылғы 30 қазан 10:15
Бөлісіңіз:
Салықты төлеуге асықпайтын мемқызметшілердің рейтингі жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықты төлеуге асықпайтын мемлекеттік қызметшілердің рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр Алматы тұрғынының салыққа қарызы 1,8 млн теңгеге жеткен Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді

Департаменттен мәлім еткендей, жеке меншікке салынатын салықтар бойынша борышкерлер тізімінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Салықтық міндеттемелеріне ең немқұрайлы қарайтындар полицейлер мен әскери қызметшілер болып шықты.

Атап айтқанда, ішкі істер органдарының 289 қызметкері меншік салығы бойынша 5,9 млн теңге қарыз. Әскери бөлімдердің 218 қызметкері мемлекетке 3 млн теңге берешек. Ал қаржы құрылымында істейтін 67 қызметкердің (банктер) қарызы жалпы 1,6 млн теңгені құрайды.

«Мемлекеттік қызметшілердің тұрғылықты мекенжайы және жұмыс орындарына пайда болған берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді. Аталған тізімдер 2018 жылғы кезең үшін жеке табыс салығы бойынша ұсынылған декларациялық деректерге және Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар ақпараттық жүйесіне сүйеніп, 2019 жылдың 10 қазанына дейін қалыптасқан берешек сомасына сәйкес жасалды», - деді ведомстводан.

Атап өтілгендей, борышкерлер тізімінде басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Барлығы 61 жеке тұлға 925 847 теңге салық төлемеген. Оның ішінде әкімдіктерде қызмет атқаратын 35 азамат 630 389 теңге қарыз.

«Меншік салығын төлеу мерзімі 1 қазан күні аяқталғанын еске саламыз. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына 2019 жылы салынатын салық 31 желтоқсанға дейін төленуі қажет. Салық уақтылы төленбеген жағдайда қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі», - делінген мәліметте.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті биылғы

16 шілдеден бастап өсімпұлдарды есептен шығару бойынша жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау туралы Заң күшіне енгенін еске салды. Оған сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін жеке тұлға салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл алынып тасталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Салық, Алматы, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT