+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды

2020 жылғы 7 ақпан 13:00
Бөлісіңіз:
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылдың дамуының берік негізі бола алатынын, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап айтқан болатын. Президент шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр, 2020 жылдан бастап оның дамуы өзгертілді, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеруге, профилактикалық бақылауға және қадағалауға жарияланған мораторий күшіне енді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мораторий күші тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңнамалық пен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алуға немесе оларды жоюға бағытталған тексерулерге қатысты болмайды. Сонымен қатар конституциялық құрылым мен ұлттық қауіпсіздікке тікелей немесе жанама қауіп төндірген жағдайда күші жүрмейді. Мұндай жағдайларда тексерулер бақылау және қадағалау органының бірінші басшысының шешімінің негізінде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, егер кәсіпкер өз қызметіне қатысты бастамашы болса, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық кодексте қарастырылған негіздер бойынша тексерулер жүргізіле алады.

Мораторий прокурорлық, кедендік, қарсы салық тексерістеріне, салалық тексерістердің кейбір түрлеріне, сондай-ақ жер қойнауларын пайдаланушыларды тексеруге, өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізумен профилактикалық қадағалауға, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу субъектілерін профилактикалық бақылау мен тексеруге қатысты болмайтынын айта кеткен жөн.

Жарлықта мораторийдің 2019 жылы кәсіпкерлік субъектісіне барумен басталған профилактикалық бақылау мен қадағалауға және тексеруге қатысты болмайтыны нақтыланған. Шағын және микро кәсіпкерлік санаттарына жататын жекеменшік және мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері мораторий жүргізуге жатады.

Өз жұмысы барысында кәсіпкерлік субъектілері ел заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттемелерді кәсіпкерлік субъектілері мораторий кезеңінде де сақтауы керек.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында тек арнайы салық режимдерін қолданатын және микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылған салық төлеушілерді ғана үш жыл мерзімге табыс салығынан босату қарастырылған.

Табыс салығы — бұл корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін бірыңғай жер салығы, сондай-ақ жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін әлеуметтік салық. Басқа барлық салықтар мен төлемдер міндеттемелер туындаған жағдайда төленеді.

Анықтама: Заңнама бойынша микробизнес – бұл жұмыскерлер саны 15 адамнан асатын және жылдық табысы 30 мың ең төменгі есептік көрсеткішті (ТЕК) құрайтын (79 530 мың теңге) жеке кәсіпкерлер, ал шағын бизнес — бұл жұмыскерлерінің саны 100 адамға дейін болатын, жылдық табысы 300 мыңға дейінгі АЕК құрайтын (795 300 мың теңге) жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар.

Қанша бизнесмен салықтан босатылады?

Алдын ала есептеулер бойынша, табыс салығын төлеуден 1,2 млн жуық салық төлеуші 380 млрд теңгеден астам сомаға, үш жыл мерзімге босатылады.

Қазақстан Үкіметі еліміздегі бизнес ахуалды жақсарту мақсатында қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнесті құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың 9 айында ЖІӨ-дегі ШОК үлесі 29,5%-ды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға артық (2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 28,9%).

Сонымен қатар 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 12 662,7 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға артты (2018 жылдың қаңтар-маусым айларында – 10 638 млрд теңге).

2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1,6 млн бірлікті құрады, бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға жоғары, жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 7,8%-ға өсіп, 1,3 млн бірлікті құрады.

Қазақстан «Doing Business» рейтингінде әлемнің 190 елінің арасында ТОП-25 құрамында

Ресми статистикалық деректердегі көрсеткіштердің өсуі, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде әлемнің 190 елі арасында бизнесті жүргізуде ең үздік Топ-25-ке кіруі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қабылданатын шаралардың пәрменділігін растайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінде 25-орынды алып қана қоймай, 2017 жылдан бастап 11 позицияға жоғары көтеріліп, 2017-2018 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігінің үш индикаторы бөлігінде реттеуші реформаларды іске асырған елдердің қатарына енді (2017 ж. – 36-орын, 2018 ж. – 28-орын).

Қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлік әлеуетті ашуға, шағын және орта кәсіпкерліктің өсімін жақсартуға мүмкіндік береді, бұл елдің экономикалық өсуі мен әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

«Doing Business» рейтингіндегі елдің жетістіктері аталған позицияны нығайтудың әлеуетінің бар екенін куәландырады, сонымен қатар кәсіпкерлікті жүргізу үшін ең жақсы шарттары бар ТОП-20 елдің қатарына кіру міндетін белгілейді.

Осыған байланысты, Үкімет қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту мақсатында «Doing Business» рейтингінің индикаторлары аясында бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің 8-пакетін әзірлеу жұмыстарын жүргізді, оны қабылдау бизнесті дамытуға оң әсер етеді, елімізге қосымша инвестициялар тартады.

Бүгінгі таңда «Кейбір заңнамалық актілерге бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы 30-дан астам нормативтік-құқықтық актілерге шамамен 200 түзетуді қамтиды.

Бизнесті жақсарту жөніндегі заңнамалық нормаларды енгізумен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы және басым жобаларды несиелеу тетігі аясында бизнеске қаржылық қолдау көрсетіледі.

Бұл ретте Бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдағы 4 жылға 421 млрд теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінді, сондай-ақ еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес келетін нысаналы индикаторлар белгіленген.

Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін кемінде 35%-ға ұлғайту, ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 13,4%-ға жеткізу күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT