Салыққа салғырт өңірлердің үштігі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласы салық қарызы бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсембиев Алматы қаласында елдегі бүкіл салық қарызының 13,5 пайызы шоғырланғанын айтады. Салыққа салғырт өңірлер үштігін Шымкент қаласы 13,4 пайызбен, Қарағанды облысы 13,8 пайызбен түйіндеп тұр.

«Салық қарызының негізгі бөлігі таратылған бизнес нысандары мен банкрот жариялаған кәсіпорындардың, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін тұлғалардың мойнында. Олардың саны – 18 489. Берешек мөлшері – 136,1 млрд теңге. Бұл жалпы салық қарызының 65 пайызына тең», - дейді Жандос Дүйсембиев.

Оның айтуына қарағанда, салық төлеушілердің өтеген сомасы қалыптасқан салық қарызының 3,6 пайызын ғана құрайды.

«Барлық берешектердің 44,4 пайызы, яғни, 93,4 млрд теңге қосымша құн салығынан туындаған. Берешектің ең көп бөлігі құрылыс саласында қалыптасып отыр. Қалған 60 пайыз берешек көтерме және бөлшек саудаға, қызмет көрсету және мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі», - дейді комитет өкілі.

Соңғы жаңалықтар