кеше 11:14 Салық төлеушінің құпия деректері активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Салық органдары енді салық төлеуші туралы құпия мәліметтерді заңсыз алынған активтерді қайтарумен айналысатын уәкілетті органға беруге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 15:41 Астанада салық органдарының шенеунігі 20 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауда отыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.05.2023 12:25 Елге сырттан келген 198 компанияда 4,1 млрд теңгенің салық берешегі бар АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының инвестицияларды қорғау туралы сауалына жолдаған жауабында шетелдіктер құрған жалған компанияларды салық жалтарудың құралы ретінде пайдалану белең алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 13:46 Шетелдік қатысуы бар барлық салық төлеушіні тексеру мүмкін емес – министр АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелдік қатысуы бар барлық салық төлеушіні тексеру мүмкін емес. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 11:57 12 мыңнан аса қостанайлықтың көлік салығы бойынша 190 млн теңге берешегі бар ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 12 мыңнан астам жүргізуші жалпы сомасы 190 млн теңге болатын көлік салығын төлемеген. Бұл туралы өңірлік Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 10:52 Биыл мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге сомасында кіріс кірді АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың 4 айында мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге сомасында кіріс түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 09:06 ШҚО-да 25 мыңнан астам адам көлік салығын төлемей жүр ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 25 мыңнан астам адам көлік салығын әлі төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 19:24 СҚО тұрғындары көлік салығы бойынша 411 млн теңге қарыз ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 15 мыңнан астам адам көлік салығы бойынша борышкерлер тізімінде. Олар мемлекетке 411 млн теңге берешек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 09:48 Кәсіпкерлерге заңсыз салық салудың 1600-ден астам фактісі анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлердің құқығын қорғау аясында прокуратура органдары бизнес субъектілеріне жарнама салығын есептеу кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.
10.05.2023 20:44 25 мыңға жуық атыраулық 580 млн теңгеден астам салығын төлемей жүр АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 25 мыңға жуық тұрғын 580 млн теңгеден астам салығын төлемей жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.05.2023 17:04 10 млрд теңгеден астам берешегі бар 141 салық төлеушінің қарызы кейінге шегерілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз бойынша 10 млрд теңгеден астам берешегі бар 141 салық төлеушінің қарызын кейінге шегеруге және бөліп төлеуге рұқсат берілді. Бұл туралы Instagram-да өткен тікелей эфирде Мемлекеттік кірістер комитетінің берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Ерлан Далбин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 22:41 Биыл алғашқы тоқсанда бюджетке 5,7 трлн теңге салық түсті АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы І тоқсанда шоғырландырылған бюджет (мемлекеттік бюджет және ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд теңгеге толықты, бұл – өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
27.04.2023 12:21 Таксистер мен курьерлер 1 шілдеден бастап салық төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп, такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционалды іске асырып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
26.04.2023 19:17 Қостанайда арпа орнына бидай әкелудің тағы бір әрекеті тоқтатылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан 30 тонна бидай жалған құжаттармен кіргізілмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.04.2023 06:10 Salyqbot арқылы салық пен кеден рәсімдеріне қатысты кеңес алуға болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша жедел көмек көрсету мақсатында телеграмда @Salyqbot чатын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.04.2023 15:31 Коммерциялық мақсатта саңырауқұлақ пен жидек тергендер салық төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев саңырауқұлақ пен жеміс-жидек теретіндерге салық салудың жаңа нормасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 12:58 Кеден саласындағы тексеріс: Былтыр бюджетке 50 млрд теңге төленді АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кеден саласындағы кемшіліктерді жою бағытындағы іс-қимылдар жайында түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 07:50 Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар салық төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар келесі жылдан бастап салық төлейді. Төлемақы мөлшерлемелерін республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары белгілейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.04.2023 02:20 Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық қарыздары: шот бұғаттала ма АСТАНА. ҚазАқпарат – Салық қарызын төлемегендердің банктік шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын салықшылар тоқтата ала ма? Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шаралар қандай жағдайда қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.04.2023 13:45 Алматыда салық қызметтерін ХҚО-да көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданының салық төлеушілері үшін салық қызметтерін ХҚО-да көрсету бойынша пилоттық жоба енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.