Салық жинаудағы олқылықтар Ұлттық қорға салмақ түсіруде – депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Симонов салықты әкімшілендіру ісіндегі олқылықтар Ұлттық қорға кері әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдегі экономикалық жағдай оңай болмай тұр. Мұндайда салық жинау, кедендік және өзге де міндеттемелерді әкімшілендіру ісін тыңғылықты жүргізу өзекті бола түседі. 2021 жылы кейбір жоспарлы көрсеткіштер орындалғанына қарамастан, заңсыздықтар мен кемшіліктер бар. Салықтық әкімшілендірудің әлсіздігінен Ұлттық қорға тәуелділік артып отыр. Бұған дейінгі жылдар сияқты кірістердің үштен бір бөлігінен астамы Ұлттық қордан алынған. Кейінгі үш жылда бұл көрсеткіш жоғары болып тұр. Үкіметтің есебі бойынша, 2021 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдірудің арқасында республикалық бюджетке 683,6 млрд теңге қосымша кіріс түкен. Алайда, Есеп комитетінің бағалауы бойынша, бұл шаралардан 378 млрд теңге ғана түскен. Яғни, 44,7% пайыз аз», - деді министрлік Парламенттің бірлескен отырысында.

Депутаттың мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарында респбуликалық бюджеттің кіріс тлоымсыздығы 451 млрд теңге болған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Яғни толымсыздық 387 млрд теңге өскен.

«Қытаймен арадағы өзара сауда статистикасындағы алшақтық та бұрынғы күйінде қалып отыр. Жылдар бойы қолға алынған шаралар күткен нәтижені бермеді. Есеп 5,7 млрд доллар болған. Ал кейінгі үш жылда бұл сома 17 млрд долларға жеткен. Осылайша кедендік бажды қоспағанда қосымша құн салығынан ғана бюджетке түсетін 1 млрд доллар желге ұшып жатыр. Қазақстанның өзге де сауда серікстерімен статистикалық ауытқулар тіркеліп отыр», - деген Мәжіліс өкілі Қаржы министрінің кейінгі 11 жылдан бері салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін бір ақпараттық жүйеге кіріктіре алмай келе жатқанын сынады.

Ал Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың мәліметі бойынша, Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен.


Соңғы жаңалықтар