Салық және кеден түсімдерінің 20 пайызы елордаға тиесілі - Марат Сұлтанғазиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел бюджетіне кіретін салық және кедендік түсімдерінің 20 пайызын Нұр-Сұлтан қаласы беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев жыл сайын елорданың салық және кедендік түсімдері артып келе жатқанын айтады.

«Нұр-Сұлтан қаласының салық түсімдері 526 млрд теңгеге теңелді. Ал кедендік түсімдер көлемі 80 млрд теңгеден астам. Бұл елдегі салық түсімінің 20 пайызы. Бұл тұрғыда елордаға кіретін түсімдердің жыл сайын көбейіп келе жатқанын айтуымыз керек», - деді Марат Сұлтанғазиев.

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Комитет төрағасы Қытай мен Өзбекстан шекараларындағы 10 өткізу пункті жаңаланатынын да айтты.

Соңғы жаңалықтар