Салық заңнамасы декриминализацияланды – Мұхтар Тілеуберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелеріне салықтық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау үшін Қылмыстық кодекске түзетулер әзірлені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп салықтық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау жөніндегі жұмыс шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері пайда болатын ірі және аса ірі залал шектерін өзгерту бөлігінде жұмыс жүргізді және Қылмыстық кодекске түзетулер әзірледі.

Өзгерістер салық заңнамасын шамалы мөлшерде бұзуға жол берген салық төлеушілерді есептелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасымен салыстырғанда қылмыстық қудалау шеңберіне тарту тәуекелін болдырмауға бағытталған», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Аталмыш шарада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Елдегі 50 ірі кәсіпорын экологиялық стандарттарға сай технологияларға көшірілетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар