Салық түсімі 69 млрд теңгеге артық орындалды - министр Жамаубаев

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың 8 айында республикалық бюджетке 6,8 трлн теңге кіріс түсті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Республикалық бюджетке 6,8 трлн теңге шамасында кірістер түсті немесе жоспар 101,9% орындалды.

Кірістер бойынша жоспар 125 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар - 69 млрд теңгеге, салықтық емес кірістер – 56 млрд теңгеге асыра орындалды.

Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына және шикі мұнайға экспорттық кеден бажына тиесілі болды, - деді министр.

Айтуынша, қосылған құн салығына қатысты жоспар орындалмаған.

«Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша айналымдар 30% ұлғайды. Қосылған құн салығын қайтару сомасы 27 млрд теңгеге төмендеді. Үшінші елдерден импорт көлемі 22% ұлғайды.

Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы жоспары шикі мұнайдың орташа әлемдік бағасының өсуі және теңгенің АҚШ долларына бағамының әлсіреуі есебінен асыра орындалды», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар