Салық туралы мәліметті WhatsApp арқылы білуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік кірістер органдары «WhatsApp» мессенджері арқылы 6891 азаматтың сұрағына жауап берді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізінен, жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салық, жер және мүлік салықтарын төлеу тәсілдері, жеке тұлғаларға тиесілі салық жеңілдіктері, дара кәсіпкерлікті ашу, арнаулы салық режімдерін қолдану ерекшеліктері, салық декларацияларын тапсыру туралы мәселелер қызықтырады.

Сонымен қатар, салық төлеушілердің басым бөлігі өздерінің салық қарыздарын білгісі келген және көлік салығын есептеу туралы сұрақтар қойған.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 қарашасынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) өзекті және толғандырып жүрген сұрақтарына жедел жауап беру үшін «WhatsApp» мессенджерін қосқан болатын. https://kaz.inform.kz/news/salyk-zhoninde-suraktar-tuyndasa-whatsapp-arkyly-zhauap-aluga-bolady_a3461158

«Сұрақтарды 8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жолдауға болады. Біз жедел әрі толық жауаптарды беруге тырысамыз. Меншікке салынатын салықтарға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, жеке тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша (көлік салығы бойынша) немесе жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша (мүлік, көлік) хабарласу қажет. Сондықтан, осындай «WhatsApp» мессенджерлер аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерімен де қосылған», - делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар