Салық төлеушілерді санатқа бөлу: Алғашқы нәтиже белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу арқылы санаттау енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салық кодексінің нормаларымен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары төмен тәуекел деңгейге жатқызылған салық төлеушілерге қатысты қабылданбайды, осы салық мәдениеті және салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы сенім дәрежесін арттыруға, сонымен қатар салық органдар жағынан мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылдамай-ақ, салық төлеушілерді салықтық берешегін дербес төлеуге ынталандыруға бағытталған», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында заңнамасына сәйкес, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтемеген жағдайда, тәуекелі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілерге өндіріп алу шаралары қабылданбайды («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 28-бабы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңның 17-бабы, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 31-бабы).

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілер ұзақ мерзімді салық берешегін және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін өтемейді.

Осылайша, 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 60 385 салық төлеуші 41,6 млрд теңге сомасында салық берешегі бар, бұл республикалық салық берешегі сомасының 12,1% құрайды. Бұл ретте аталғандардың ішінде 42 218 салық төлеуші немесе 80% бір айдан астам уақыт ішінде салық берешегін өтемеген.

Бұдан басқа, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған 122 711 агентте әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар (әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар барлық агенттердің 47%), ал оның сомасы 1,6 млрд теңге немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасынан 26%.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілердің күнтізбелік отыз күннен астам салық берешегі және (немесе) әлеуметті төлемдер бойынша берешегін өтемеген жағдайда тәуекел деңгейі қайта қарастырылатыны туралы ақпарат Салық төлеушінің кабинеті веб-қосымшаға жібереді.

«Алайда, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған және салық берешегі бар 80% салық төлеуші салық берешегін бір айдан астам өтемейді, осылайша салық төлеушілер басты міндеті – уақытында және толық мөлшемде салықты және бюджетке басқа да төлемді өтеуді орындамайды», делінген хабарламада.

Жұмыс берушінің мұндай берешегін өтемеуі зейнетақы төлемдердің мөлшерін азайтады, бұл өз кезегінде азаматтардың наразылығын туғызады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі дағдарыстық ахуалдарға қарсы алатын, жұмыс істейтін азаматтар мен олардың отбасыларын кенет тәуекелден (еңбек қабілеттігін айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айрылу және т.б.) сенімді қорғауды қамтамасыз ететін маңызды құрал екенін атап өткен жөн.

Төлеушілер уақтылы немесе толық емес көлемінде әлеуметтік жарналарды төлеуі, әлеуметтік тәуекелі туындаған жағдайда, «МӘСҚ» АҚ тағайындаған әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне теріс әсер етеді.

Осылайша, салық төлеушінің салық берешегі мен (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін өтемеуі бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына ғана емес, сонымен қатар азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер алуына кедергі келтіреді.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1248 бұйрығымен салық төлеушілерді санаттау бөлігінде ережелерге өзгерістер енгізілді.

«Осылайша, тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілердің күнтізбелік отыз күннен астам салық берешегін және (немесе) әлеуметті төлемдер бойынша берешекті өтемеген жағдайда осы салық төлеушілердің тәуекел деңгейі қайта қарастырылады», делінген хабарламада.

Аталғанды ескере отырып, тәуекел деңгейді қайта қарастыру фактілерді жою мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекел деңгейі төмен санатқа жатқызылған салық төлеушілерге салық берешекті және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша шараларды өз бетінше және уақытында қолдануды ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар