Салық төлеушілер шот-фактураның қағаз нұсқасын жазып бере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі порталының жұмысына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет жұмысындағы ақауға байланысты ҚР Салық кодексінің 412-бабы 2-бөлігі 2) тармақшасына сәйкес, комитет 2022 жылдың 5-19 қаңтары аралығындағы кезеңде техникалық қателікті тану туралы хаттамаға қол қойды.

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер шот-фактураның қағаз нұсқасын жазып бере алады. Кейін, 2022 жылдың 19 қаңтарынан кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде мәліметтерді электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі порталына енгізеді.

Бұл ретте, айыппұл санкциялары қолданылмайды», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар