Салық төлеуден жалтарған Атыраудағы ірі кәсіпорынның бизнес менеджері іздестіріліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Салық төлеуден жалтарған Атырау облысы кәсіпорындары бірінің бизнес менеджері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Karachaganak Support Service» ЖШС-ның бизнес менеджері Б.К.Меңдіғазиевке (нақты басшы) қатысты аса ірі көлемде бюджетке салық төлеуден жалтару, сондай-ақ ұйымдастқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп (ҚР ҚК-нің 245-бабының 3-бөлігі, 262-бабының 1-бөлігі) жатыр.

«Қылмыс жасалғаннан кейін күдіктінің қашып кетуіне байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу амалдары аясында «Karachaganak Support Service» ЖШС-ның кеңселері және күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар