Салық саласына блокчейн қалай енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, салық саласындағы блокчейн технологиялары арқасында қосарланған құн салығын бірден қайтаруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде блокчейн замануи трендке айналды. Осы орайда біз Еуропа елдерінің салық саласындағы мамандарымен кездесіп, тәжірибе алмастық. Оларда әдістемелік база бар. Бірақ бір-бірімен келісе алмай жатыр. Біз болсақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында осы бастаманы жылдам іске асыра аламыз. Негізі, осы уақытқа дейін бірқатар жұмыстар атқарылды», - деді Бақыт Тұрлыханұлы Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, осы айда министрлік IBM компаниясымен бірлесіп, арнайы зертхананы ашуды көздейді. Соның негізінде блокчейн технологияларын енгізу шаралары атқарылады. «Келесі жылы тамыз айына дейін біз жаңа жүйенің прототипін жасап шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде әдістеме дайын. Блокчейнді қолдануға қатысты технологиялық шарттар да даяр», - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында салық және кеден шараларын автоматтандыру мәселесі қаралды . ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бүгінде ақпараттық технологияларды енгізу шаралары баяу атқарылады. Себебі біреулер үшін бюрократияның болғаны тиімді .  Бизнеске жеңілдік жасаймыз деп, біраз уақытты да өткізіп алдық. 

Соңғы жаңалықтар