Салық рақымшылығы аясында заңды тұлғалар 3,5 млрд теңге берешегін өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салыққа жарияланған рақымшылық аясында заңды тұлғалар 3,5 млрд теңге берешегін өтеді. Рақымшылық шарасына қатысқан жалпы салық төлеушілердің 30 пайызға жуығы төлемді соңғы апта ішінде жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, рақымшылыққа шамамен 1,4 млн адам ілігеді. Аталған жеке тұлға 13,9 млрд теңге сомасындағы негізгі қарыздарын өтеген жағдайда 6,14 млрд теңге өсімпұлдан құтылады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғалардың тізімі бекітілді.

Оларда 15 жылдан астам уақыт бойы жинақталып қалған қате салықтық берешек бар және олар шығынға жатқызылуы тиіс. Тізімге енген 2 980 жеке тұлғаның 100 млн теңге салық берешегі бар. Аталған соманың 52,2 млн теңгесі негізгі салық болса, өсімпұлы 47,8 млн теңгені құрайды.

«Бүгінгі күні 177 065 жеке тұлғаның өсімпұлы шығынға жазылды. Жыл басынан бері олар 3,5 млрд теңге негізгі қарызын өтеп, 875,2 млн теңге көлеміндегі өсімпұл шығынға жатқызылды», - деп атап өтеді комитеттен.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, салықтық міндеттемелерін орындауда Алматы қаласының (35 111), Қостанай (27 587) және Түркістан (12 777) облыстарының жеке тұлғалары белсенділік танытып отыр. Ал салықтық берешегін аз өтегендер қатарында СҚО (3 700), БҚО (1 999) және Қызылорда облыстарының (1 549) жеке тұлғалары бар.

Алматы қаласының тұрғындары 1 млрд 979 млн 300 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары 185 млн 200 мың теңге, Алматы облысының тұрғындары 161 млн 900 мың теңге салық берешектерін өтеген. Салық берешегі аз өтелген өңірлердің қатарында Қызылорда (70,3 млн), Қарағанды (57,5 млн) және Батыс Қазақстан облыстары (53,1 млн) бар.

Шығынға жазылған ең үлкен өсімпұл сомасы (362,3 млн) да Алматы қаласына тиесілі. Ал Павлодар облысында 143,2 млн, Алматы облысында 47,2 млн теңге өсімпұл шығынға жазылған.



Соңғы жаңалықтар