+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Салық пен төлемдерді есептеуде айлық есептік көрсеткіш қалай қолданылады

2020 жылғы 27 сәуір 10:08
Бөлісіңіз:
Салық пен төлемдерді есептеуде айлық есептік көрсеткіш қалай қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар, алымдар мен төлемдерді есептеуде қай мөлшердегі АЕК-ті негізге алу қажет екендігіне түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш(АЕК):

- 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап – 2 651 теңге;

- 2020 жылғы 1 сәуірден бастап – 2 778 теңге болып белгіленген.

Көлік салығы

Салық кодексінің 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК қолданылады.

Осылайша, 2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге.

Алым, төлемақы және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

Салық кодексінің 553, 557, 582 және 609-баптарына сәйкес тіркеу алымдары, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы және мемлекеттік баж мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерде айқындалады.

Осылайша, 2020 жылға алымдарды, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны және мемлекеттiк бажды есептеу үшін:

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін төленген жағдайда – 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған АЕК (2 651 теңге);

2020 жылдың 1 сәуірінде және кейін төленген жағдайда– 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданыста болатын АЕК (2778 теңге) қолданылады.

Арнаулы салық режимiн қолдану бойынша (әрі қарай – АСР)

Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағына сәйкес шағын бизнес субъектілеріне арналған АСР мынадай талаптарға сәйкес келетін:

патент негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 3 528 еселенген мөлшерінен;

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 24 038 еселенген мөлшерінен;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын.

Осылайша, шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдану мақсаттары үшін шекті табыс 2020 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.

Бірыңғай жиынтық төлем бойынша (БЖТ):

Салық кодексінің 774-бабының 2-тармағына сәйкес БЖТ төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Мәселен, БЖТ төлеушінің шекті табысын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге (2020 жылға шекті табыстың мөлшері - 3 114 925 теңге).

Сонымен бірге, Салық кодексінің 775-бабының 2-тармағына сәйкесбір айдағы БЖТ сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – АЕК-тің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде АЕК-тің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады.

Осылайша, БЖТ сомасы бір ай үшін қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге.

Ойын бизнесі салығы бойынша

Салық кодексінің 536-бабының 2-тармағына сәйкес салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Салық кодексінің 537-бабына сәйкес ойын бизнесі салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсанға тең, онда биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап ойын бизнес салығының сомасын айқындау кезінде 2 778 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT