Салық пен айыппұлды QR-кодпен мобильді банкинг арқылы төлеуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметтерді, салық пен айыппұлды QR-кодпен Kaspi.kz мобильді банкинг арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді Электронды үкіметтің төлем шлюзінде QR-кодты сканерлеп, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

«Мемлекеттік қызметтер және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің осы әдісін пайдалану үшін электронды үкімет веб-порталында, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеуші кабинетінде қызметке тапсырыс беру жеткілікті. Сосын Elicense.kz немесе ХҚКО филиалдарында, кейіннен ЭҮТШ бетінде «QR-code» Kaspi.kz таңдау және құрылған кодты Кaspi.kz мобильді қосымшасында сканерлеу қажет» делінген «Ұлттық технологиялар орталығы» АҚ хабарламасында.

Электронды үкіметтің төлем шлюзінде төлем картасымен, электронды әмиянмен, мобильді теңгерім сияқты төлем тәсілдері бар.


Соңғы жаңалықтар