Салық комитеті электрондық шот-фактураны 2012 жылдан бастап енгізуді ұсынады

None
None
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Салық комитеті электрондық шот-фактураны 2012 жылдан бастап енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін электрондық дөңгелек үстел барысында Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов мәлім етті.

«Бухгалтерлік есеп туралы, электрондық құжат пен электрондық сандық қолтаңба туралы заңға сәйкес электрондық құжат айналымына рұқсат етіледі. Тек Салық кодексінде ғана ҚҚС бойынша есеп айырысу кезінде электрондық шот-фактуралар беру құқығы қарастырылмаған. Салық кодексінің 263 бабына сәйкес, ондай жағдайда заңды тұлғаның мөрінің болуы, сондай-ақ басшылар мен бас бухгалтер қолының болуы қамтылған», - дейді А.Қыпшақов.

Оның айтуынша, Салық кодексіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Сонымен қатар, салық төлеушілерінің сандық қолтаңбаларының болғаны дұрыс. Ал шот-фактурамен алмасуды арнайы интернет-портал арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл ретте салық комитеті электрондық шот-фактураға кезең-кезеңмен көшуді ұсынады. Атап айтқанда, 2012 жылдың 1 шілдесінен мемлекеттік органдармен өзара байланысы барысында «Самұрық-Қазына» қорына енетін компаниялар тобы үшін енгізу көзделсе, 2013 жылдың 1 қаңтарынан қосымша құн салығын төлейтін барлық салық төлеушілер үшін қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар