+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Салық берешегі бар жеке тұлға нені білуі керек - Мемлекеттік кірістер комитеті

2019 жылғы 18 қыркүйек 17:54
Бөлісіңіз:
Салық берешегі бар жеке тұлға нені білуі керек - Мемлекеттік кірістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық берешегі бар азаматтар 20 мың теңге айыппұл төлейді деген ақпарат жалған. Мемлекеттік кірістер комитеті осындай қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Салық төлеушілер үшін Telegram чат іске қосылды Алматыда шоу ұйымдастырушылар өз кірістерін 15 есеге азайтып көрсеткен Біртанов темекі, алкоголь сатушыларға қосымша салық салып, оны МӘМС қорына аударуды ұсынды

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын биылғы 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20 000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды», делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін биылғы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.

«Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі. Сондай-ақ, жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады», делінген хабарламада.

Салық төлеушілер борышының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша тексере алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT