Салтанат Тұрсынбекова сайлауда дауыс берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова елордадағы дауыс беру учаскесіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кандидат дауыс беруге сағат 10:30-да Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 107 сайлау учаскесіне өзінің сайлау штабының қызметкерлерімен келді.

Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова ҚР президенті сайлауына кандидат ретінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған еді.

Еске сала кетсек, Салтанат Тұрсынбекова мен оның сайлау штабы Астана, Шымкент және Алматы қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында сайлауалды іс-шараларын өткізді.


Соңғы жаңалықтар