Салтанат Тұрсынбекова Павлодардағы нашақорларға арналған орталықта болды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАҚпарат - Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар қаласындағы филиалында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтемемен.

Мұнда ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар оңалтудан өтеді. Қоғам қайраткері әлемдік және отандық статистиканы атап өтті. Әлемде психоактивті заттарды белсенді түрде қолданатын шамамен 275 миллион адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепкер болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркелген. Оның ішінде 1,5 мың әйел бар.
Бұған дейін кандидат Салтанат Тұрсынбекова Атырауда Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді


Соңғы жаңалықтар