Салтанат Тұрсынбекова Қостанайдағы емхана ұжымымен кездесті

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстанның өңірлерін аралап, халықпен кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы ол Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Емхананы аралау барысында үміткер тек медицина қызметкерлерімен ғана емес, науқастармен де тілдесті. Дәрігерлер кездесуде емдеу мекемелеріндегі түйткілді мәселелерді жеткізді

Еске салайық, Қостанай облысы - кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат сапарларымен барған жетінші өңірі. Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Алматы, Шымкент қалаларында және Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарында болған.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар