Салтанат Тұрсынбекова Астанада алғашқы үгіт-насихат плакатын ілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін құқық қорғаушының өзі Астана көшелеріне алдағы сайлауда өзіне дауыс беруге шақыратын алғашқы плакатын ілуге шықты. Осылайша елордада және еліміздің аймақтарында штаб командасы іске кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Штаб қызметкерлері мен волонтерлер азаматтар арасында баннерлер, плакаттар іліп, парақшалар таратуда. Бұған дейін штаб кандидат туралы көптеген ақпараттық материалдар дайындаған.

Сондай-ақ волонтерлер қызығушылық танытқан азаматтарға Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, оның жетістіктері мен жоспарлары туралы айтып береді.

Айта кету керек, кешеден бері елордада және еліміздің өңірлерінде кандидаттың штабы ресми түрде ашылды.

Бұған дейін қызметкерлер Орталық сайлау комиссиясында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы семинарға қатысқан болатын. Сайлау науқаны аясындағы барлық жұмыстар заңға сәйкес қатаң жүріп жатыр.

Баспа өнімдері тек арнайы бөлінген орындарға орналастырылады.

Сонымен қатар, Салтанат Тұрсынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін ұжым алғашқы сапарына өңірлерге, оның ішінде, Ақмола облысына аттануды жоспарлағанын хабарлады. Алайда құқық қорғаушы сапардың кейінге қалдырылғанын ауа райының нашарлауынан (көктайғақ) жолдың жабылуына байланысты деп түсіндірді.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін Салтанат Тұрсынбекованы кезектен тыс сайлауда президенттікке кандидат ретінде тіркеген болатын.


Соңғы жаңалықтар