«Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің онлайн концерті өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Қазақ және әлем халықтарының билері» атты онлайн концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, сонау 1955 жылы Қазақ КСР халық әртісі, Украина КСР-нің халық әртісі Лидия Чернышева басшылығымен Қазақ КСР ән-би ансамблі құрылған еді. Содан ұжым әр түрлі фестивальдар мен конкурстарға белсенді түрде қатысып таныла бастайды. Бүгінгі таңда ән-би ансамблі Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі болып қайта құрылды.

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Гүлсәуле Орымбаеваның жетекшілігімен өнер ұжымы Қазақстан халықтарының билерін сахнадан жаңа стильде, шынайы поэззия түрінде, ішкі күші мен сұлулығын көрсете біледі.

Шетелдік көрермендер мен сыншылар ұжым жайында «Салтанат» ансамблінің концертін көру, бұл бейтаныс елге барып, оның халқымен танысқанмен бірдей» деп жоғары баға берген.

Онлайн концертті бүгін сағат 19.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасынан көре аласыздар.


Фото: ansamblsaltanat.kz


Соңғы жаңалықтар