Салтанат Бегасылова Астана қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары болды

Фото: Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Салтанат Бегасилова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев оны жеке құрамға таныстырды.

Салтанат Бегасилова 1972 жылы 29 тамызда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 25 жыл түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Соңғы 3 жылда ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаменті бастығының орынбасары, Перспективалы технологиялар басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа орынбасар елордада құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіру үшін маңызды болып табылатын цифрландыру мен ақпараттандыруды дамыту жөніндегі мәселелерге жетекшілік етеді.


Соңғы жаңалықтар