+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Салт атты полицейлер саяжайларды патрульдеуге көшті

2020 жылғы 8 сәуір 15:30
Бөлісіңіз:
Салт атты полицейлер саяжайларды патрульдеуге көшті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында атты сақшылар саяжайларды патрульдеуге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 сәуірден бастап салт атты полицейлер Петропавлдың Заречное және Новопавловка кенттеріндегі саяжай қоғамдастықтарында тәртіпті қадағалауға кірісті. Олар саяжай қоғамдастықтарының төрағаларымен, күзет қызметімен байланыс орнатып, учаскелердегі жағдаймен танысты.

«Біз төтенше жағдай режимінің ережелерін саяжай қоғамдастықтарының төрағаларына түсіндіреміз. Азаматтар денсаулықтарын сақтап, өздерін оқшаулауы тиіс. Пандемия өршіп тұрғандықтан бір жерде үш адамнан артық жиналмау, екі метрдей арақашықтықты сақтау қажет екенін еске саламыз. СҚО Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен мен дәріханаға шығуға, сондай-ақ қоқыс шығаруға болады. Саяжайлар бұл тізімге кірмейді. Сондықтан басыңызды қатерге тігіп, тәуекелге барудың қажеті жоқ», – дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының ЖПҚБ құрамындағы кавалерия взводының командирі Жақсылық Қожелдақов.


Мәлім етілгендей, өңірде көктемгі су тасқыны қаупі бар. Саяжай учаскелеріне су кенеттен келіп қалуы мүмкін болғандықтан, үнемі сақ болған жөн.

Салт атты сақшылардың бағыттары 17 саяжай қоғамдастығының аумағы арқылы өтеді. Коронавирус бойынша жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты саяжай маусымы кейінге шегерілді. Дегенмен де, саяжай ұрлықтарын болдырмау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Саяжай учаскелері бау-бақша маусымы аяқталғанша тәртіп сақшыларының бақылауында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT