+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Салқын суға ұзақ уақыт шомылу пайдасыз әрі денсаулыққа қауіпті - Владимир Беккер

2020 жылғы 1 маусым 18:25
Бөлісіңіз:
Салқын суға ұзақ уақыт шомылу пайдасыз әрі денсаулыққа қауіпті - Владимир Беккер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Салқын не болмаса суық суға ұзақ уақыт шомылу пайдасыз әрі денсаулыққа қауіпті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шомылуға қатысты бірқатар кеңес бергім келеді. Салқын не болмаса суық суға ұзақ уақыт шомылудың еш пайдасы жоқтығымен қатар денсаулыққа қауіп төндіреді. Біз судың температурасына байланысты суға шомылу режимін ұстануға кеңес береміз. Су температурасы +18 градус болғанда - 6-8 минут, +20 градуста - 10-12 минут, +20 градустан жоғары болғанда - 15 минутқа дейін ғана шомылу керек», - деді комитет басшысы.

Жыл басынан бері орын алған қайғылы жайттарға тоқталған Владимир Беккердің дерегінше, осы уақытқа дейін 62 адамның, оның ішінде 22 баланың ажалы судан болып отыр. Оның ішінде 24 адам - балық аулау кезінде, 13 адам - қатты ағысқа, иірілмге тап болып немесе аяғы тартылып батып кеткен. 10 бала суға құлап жантәсілім етсе, ішімдік ішкен 9 адамның ажалы судан болды.

«Өкінішке қарай, елімізде суға кету дерегі жоғары болып тұр. Ересектердің кішкентай балаларды қараусыз қалдыратыны алаңдатады. Соның кесірінен балалар арыққа, арнаға, су қоймаларына құлап кетіп мерт болады. Өткен тәуліктің өзіне 14 адам суға кетсе, соның алтауы - балалар», - деді В.Беккер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT