Салбурын мерекесі: Құсбегілік және саятшылық өнер насихатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында саятшылық өнерін насихаттайтын этнографиялық танымдық «Салбурын - мереке ғой саятшыға...» шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Этно-танымдық шараның ашылуында сөз алған  «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Мархабат Байғұт ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы мәні жайында әңгімеледі.

Ал өз кезегінде, салт-дәстүр орталығының  директоры Жәнібек Абданбекұлы мен белгілі саятшы Мұхтар Атахан да атадан балаға мұра болған дәстүрдің маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу жайында ой-пікірлер айтылды. Тәжірибе жүзінде көрсетілді. Оңтүстік өңіріне белгілі құсбегі Жомарт Кеуенов пен саятшы Мұхтар Атахан өз кәсіптерінің қыр-сыры туралы келушілерге тың мағлұмат беріп, саятшылық дәстүр  туралы толғандырған сұрақтарына жауап берді. 
null null null null 
null 

Соңғы жаңалықтар