«Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар белсенді қатысуы тиіс - А.Садықова

None
None
ЛМАТЫ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Еліміздің 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасы қазіргі таңда медициналық ұжымдар және қоғамдық ұйымдар өңірлік деңгейінде белсенді талқылану үстінде. Алғаш рет оның жүзеге асырылуына кәсіби салалық қауымдастықтар кеңінен тартылмақ. .

Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Ұлттық медицина қауымдастығының президенті, медицина ғылымының кандидаты Айжан Садықова әңгімелейді.

- «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары қандай, оның жаңашылдығы неде?

- Біраз жылдардан бері денсаулық сақтау саласында бағдарламалар әзірленіп, бекітілді, бірақ бұрынырақта олар реформалау бағдарламалары деп аталды. Ал бұл жерде қиын жағдайдан медицинаның суырылып алға шығуы үшін көмек беретін стратегиялық желі түзіледі. Қазіргі уақытта сапалы медициналық көмек көрсету үшін қалай жағдай жасау керек, соңында емделуге бюджет пен өзінің мол қаражаты шығындалатын ауруларға жол бермей, халықтың өз денсаулықтарын емдеумен көп айналысуы үшін не істеу керек деген сияқты мәселелерді талқылау жүріп жатыр.

Қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы аудандық буыннан бастап, республикалық деңгейге дейін жалпы талқылау жүргізілгенде, онда әрбір кезеңде бағдарлама ажарланып, және ол жүзеге асыру үшін қабылдауға дайын болады. Көпшілігі өздерінің пікірлері есепке алынатындығын байқауда, сондықтан тек қана бақылаушы емес бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу тілегі пайда болады. Бұл жобаны оқыған әрбір азамат өзінің күш-жігерін қоса алатын тұсын көреді. Тіпті ұлы Абайдың өзі «Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тапта бар қалан», деп айтып кеткен. Біздің әрқайсымыз «Салауатты халық» деп атауға болатын әсем ғимараттың іргетасын қалауға орны бар кірпіш іспеттіміз.

- Бағдарламада аурудың алдын алу мәселесіне едәуір орын берілген. Сіз қалай ойлайсыз, аурудың алдын алу үшін мемлекет не істеуі қажет?

- Көп адамдардың денсаулығы бұзылғандығы соншалықты егер алдын алуға жағдай жасалмаса, халық онымен айналысуға үйренбесе және ағзада «ақау» пайда болғаннан кейін ғана дәрігерге көрінсе кім кінәлі деп сұрағың келеді. Және де бұл орайда «ақауға» дәрігерді, денсаулық сақтау жүйесін кінәлай бастайды. Бір жағынан науқастікі де дұрыс, өйткені оның ауруының алдын алу үшін оған жағдай жасау қажет. Ең бастысы - бюджет тек қана скринингке ғана емес, сонымен бірге нақты емдеуге де ақша бекітуі керек. Ресейдің өте жақсы үлгісі бар: онда әйелдер жүктілігінің тиісті 12 аптасына дейін есепке тұрмаса, онда ол босану жәрдемақысын ала алмайды. Осындай түрткі басталысымен барлық болашақ аналар әйелдер кеңесіне ағылды. Ал медицина қызметкерлерін белсендіру үшін Ресейде арнайы жәрдемақы бөлінген: жүкті әйелді күтуге алып, барлығы аман-есен өтті ме - сыйақы аласың.

- Соңғы уақытта денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жарақтануына едеуір көңіл бөлінуде, медицина қызметкерлерінің кәсібилік деңгейін арттыру қажеттігі туралы да айтылуда...

- Заманауи технологияларды енгізу туралы сөз болғанда, онда уәж туралы да ескеру қажет. Егер емделуге барлық жағдай жасалып, дәрігерге аз төлесе, онда емдейтін де ешкім қалмайды. Заманауи құрал-жабдықтар тықпаланған биік үйлер салынады, бірақ біз болмашы жалақы болғандықтан кадрлардан да айырыламыз.

Қазіргі таңда кадр мәселесінде жағдайдың ушыққаны соншалықты, кейде егер онда істейтін ешкім болмаса ауруханаларды салып қажеті қанша деп те ойға қаласың. Ауылдық буын шұғыл кадрлармен толыықтыруды қажет етеді, көптеген өңірлерде тар бағыттағы, атап айтқанда, тіс дәрігері, анестезолог-реаниматолог, психиатор, фтизиатр, сот-медицина сарапшысы, зертханашы дәрігер, психолог мамандары жоқ. Кадрлардың қартаюына байланысты мәселе де өткір тұр. Өйткені жас дәрігерге мұндай жалақымен отбасын асырау мүмкін емес және бұл ақша біліктілігін арттыруға да жетпейді. Сондықтан жаңа бағдарлама жобасында материалдық қамтамасыз етумен қатар медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы туралы да әділ айтылған.

- Жобада фармацевтикалық индустрияға да осындай назар аударылған ба?

- Отандық фармацевтикалық индустрияны айтқан кезде, фармакология және токсикология институтын құру туралы ойлану қажет. Егер біз отандық өндіріс орнын құрғымыз келсе, онда дәрі-дәрмек мақұлданатын, қатаң іріктеуден және бақылаудан өтетін арнайы институт керек. Ал ол үшін науқас қадағалауда жата алатын клиникалық базасы, бұл дәрі-дәрмектердің тиімділігін, қауіпсіздігін бағалайтын зертханасы бар институт қажет. Дәрі-дәрмек немесе біздің нарыққа емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерін әкелетін фирмалар ғылыми зерттеулер әдебі жөніндегі комиссиямен тығыз ынтымақтастықта болғаны дұрыс. Ондай комиссия құрылған, бірақ ғылыми зерттеулер тек қана Денсаулық сақтау министрлігінде ғана емес, сонымен бірге басқа да ведомстволарда жүргізілуі қажет.

- Бағдарламаға сәйкес біздің медиктер қандай түбегейлі өзгерістер күтуде?

- Бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілетін болады. Қазіргі уақытта біздің дәрігерлер көптеген қағаздарды толтырады, бірыңғай жүйенің жоқтығынан көптеген сәйкессіздіктер орын алуда. Барлық ауруханалардың компьютерлермен жарақтанғандығын қалаймыз. Медициналық білімсіз, бірақ денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін адамдарды қабылдауға болатын бос жұмыс орындары қажет. Осылайша, дәрігерлерді қағаз жұмыстарынан босатуға болады.

Парамедиктер қызметін енгізу жолдары арқылы бірқатар мамандарды босатып алуға болады. Ол үшін нормативтік-құқықтық базасын, олардың дайындығы үшін оқу бағдарламасын әзірлеу, біліктілік талаптарын, лауазымдық нұсқаулығын және аттестациялық рәсімдерді ойластыру қажет. Мәселен, осылайша жедел жәрдем дәрігерлерін артық жүктемеден босатуға болады.

Бұл дәрігер басқарушыға да қатысты - оларға медициналық институттарды бітіру қажет емес, ауруханаларды денсаулық сақтау менеджері басқаруы қажет. Бұл дәрігер-статистерге де қатысты, оларға да салалық білімі болуы міндетті емес. Волентерлерді тарту үшін ынталандыратын тетіктерін ойластыру керек. Мүмкін медик болғысы келетін 9-11 сынып оқушысын мектеп партасынан-ақ волентерлікке тарту керек шығар. Бірақ ол үшін медициналық жоғары оқу орнына немесе колледжге түсу барысында қандайда бір жеңілдіктер беретін нормативтік-құқықтық база әзірлеу қажет. Бағдарлама жобасында тек қана проблемаларды шешіп қоймай, сонымен бірге шынайы шешімдер ұсынатын бұндай сәттер көп.

- Ал сіздердің қауымдастықтарыңыз қандай да бір ұсыныс енгізді ме?

- Ия, және де біз де қуаныштымыз, бағдарламаны әзірлеудің алғашқы кезеңінен қауымдастық өкілдері белсенді қатысып, өздерінің иннтеллектуалдық әлеуетін ұсынды. Денсаулық сақтау миинстрлігі және оның басшысы бізді әсіресе аккредияциялау, лицензиялау, біліктілік санатын беруге аттестациялау, стандарттар жасау барысында тәуелсіз сараптама жүргізу, емдеу, диагностика және оңалту хаттамалары мәселелері бойынша әріптес ретінде танып отыр. Біз емтихан комиссиясы құрамында болуымыз керек, өйткені медицина қауымдастығы олардың қатарына білімсіздер кіріп кетпеуі үшін қатаң іріктеу жүргізуі тиіс. Салалық ЖОО-лардың да рейтингін қауымдастық анықтауы қажет.

Мәселен, Германияда дәл осы қауымдастық фарма-экономикалық мәселелерді шешеді, оның қызметкерлері аурулардың түріне қарай емдеуге қанша қаражат бөлу қажеттігін анықтайды. Ал біздің елімізде дәрі-дәрмекті сатып алуға тендер өткізіледі және дәрігер мемлекет сатып алған, кейде ең жақсы емес дәріні жазып беруге мәжбүр. Денсаулық сақтау басқармалары мен кәсіби медициналық қауымдастықтар арасында әріптестік тетігін енгізу қажет.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі тәуелсіз сараптама туралы да айта кетейін. 2009 жылы бізде барлық мемлекеттік медициналық ұйымдар аккредиттелді. Бұндай бас-басына аккредитациялану болмауы қажет, өйткені тіпті аккредитациядан өтпеген мекеменің өз мемлекеттік тапсырыс алады. Біздің сарапшыларға әлі де жұмыс істеп үйрену қажет, олар аккредитацияға қол қою арқылы мекемемен бірге барлық жауапкершілікті мойнына алатындығын түсінуі қажет.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ұлттық тізілім құру керек, бұндай әзірше Қазақстанда жоқ. Біз мемлекеттік құрылымдарда, жеке клиникаларда, ведомстволарда, госпитальдерде қанша дәрігер жұмыс істейтінін білмейміз. Бұл жинақ Денсаулық сақтау министрлігіне бізде қанша мүгедек дәрігер, жалғыз басты аналар жұмыс істейтіндігі, олардың қаншасы несие бойынша қарызға кіріп отыр және балалары үшін күтуші жалдауға мүмкіндігі жоқ деген сияқты шынайы картинаны көруге мүмкіндік береді. Өйткені бізде ведомстволық балабақшалар жоқ қой. Мұндай тізілім жасалғаннан кейін көңіл-күймен емес, нақты сандармен медиктердің жалақысы түкке тұрғысыз екендігін дәлелдеуге болады. Сондықтан осындай ұлттық тізілім және медициналық мекеме болуы керек, сонда біздің қазіргі таңдағы денсаулық сақтау саламыздағы нақты жағдай көрінеді.

- Айжан Бегайдарқызы, сіз ІІІ Астаналық экономикалық форумның қатысушысыз. Сіз елордаға қандай ұсыныстармен барасыз?

- Форумда біз Бизнестің жол картасы мәселелерін қарастырамыз. Бұл жерде денсаулық сақтау саласындағы жеке және мемлекеттік ынтымақтастық туралы айтуға болады. Мәселен, мемлекеттің жеке клиникалардың құрылысына қатысуы, біріккен кәсіпорындарда медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласы үшін өнеркәсіп нысандарын салу туралы. Жекелей алғанда стоматология үшін барлық материалдарды, мәселен, керамиканы, протездеу үшін штифтерді Қазақстанда шығаруға болады. Сонымен қатар бұл емдік шөптерге, гомеопатиялық өнімдерге де қатысты.

Ресейден және алыс шет елдерден мамандар тарту арқылы білім беру бағдарламасын енгізу мәселесін де қозғағым келеді. Ол үшін еуропалық стандарттарға жақын клиника ашып, оларды құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет.

Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық желісі қазірдің өзінде құрылымданғанын атап өткім келеді және біздің барлығымызға оны жүзеге асыру үшін ұшан-теңіз жұмыстарды атқару міндеті тұр. Маған біздің министрдің ұстанымы ұнайды. Ол біз бағдарламаны зерделеген сайын ескертпелер мен ұсыныстар көп болып, ол одан әрі сәтті бола түседі дейді. Осы ашықтығы, табандылығы, жаңа істі қолға ала алатындығы үшін шексіз алғысыңды білдіргің келеді. Реформатор болу - ең қиыны, ал көшбасы болу, соңынан ерте алу, идеялар тудыра білу - бұл ұйымдастырушының зор таланты.

Мен қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі басқа өркениетті елдердің қатарына тез арада көтеріле алады деп ойлаймын. Демократиялық өзгертулер істе орындалатын, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында қоғамдық ұйымдарды қатыстыру тетіктері шынайы жұмыс істейтін мемлекеттердің үлгісін алуымыз қажет, бұл туралы біздің елдің Президенті Жолдауында да, өзінің сөйлеген сөздерінде де әрқашан айтып келеді.

Соңғы жаңалықтар