«Саламатты Қазақстан» пойызы Таусамалы стансасында тұрғындарды қабылдайды

Фото: Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Таусамалы стансасының тұрғындары «Саламатты Қазақсстан» пойызымен келген жоғары білікті медициналық мамандардың қызметіне жүгіне алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық пойыз стансаға 29 мамырда, кешкі сағат 20.50-де келіп жетеді. Ал 31 мамыр күні саат 19.00-де стансадан шығып кетеді.

Жалпы бұл маршрут елдегі медициналық кабинеттер тапшы өңірлердің шалғай елді мекендерін аралап жүр. Осылайша биыл шалғайдағы сатнсаларға жақын тұратын халық тегін медициналық тексеруден өтіп, терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және өзге де жоғары білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады.

Пойыз заманауи диагностикалық және емдік құрылғылармен, ультрадыбыстық зерттеу құрылғысымен, флюрография аппаратымен, шағын ота бөлмесімен, зертханамен, сымсыз интернетпен жабдықталған.

Еске салайық, «Саламатты Қазақстан» пойызы 23 мамырда шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының шалға стансаларын аралауды бастаған болатын.

Медициналық пойыз 25 мамырда, сағат 07.47-де Ертіс зауыты станциясына аялдап, екі күннен кейін 27 мамырда сағат 05:40-та келесі бекет ататнған.

27 мамыр күні Тишинская стансасына жеткен 28 мамыр күні сағат 18:00-де қайта жолға шықты.


Соңғы жаңалықтар