«Саламатты Қазақстан» пойызы Бескөл стансасында жұртты қабылдайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең Жетісу облысындағы Бескөл стансасының тұрғындары «Саламатты Қазақстан» аойызы ұсынатын білікті медициналық қызметке жүгіну мүмкіндігін алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық пойыз Бескөл стансасына сағат 08:55-те жетеді деп жоспарланған.

Екі күн бойы халықты сапалы медициналық тексеруден өткізген мамандар 20 мамыр күні кешкі сағат 19:00-де қайта жолға шығады.

Бұл маршрут терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және тағы да басқа білікті мамандар мен тиісті медициналық кабинеттер тапшы өңірлерді аралап келеді.

«Саламатты Қазақстан» пойызы тасып жүрген мамандар аталған өңір тұрғындарына заманауи құрылғылардың көмегімен тегін қызмет көрсетіп, диагноз қояды.

Пойызда диагностикалық құрылғылардан бөлек емдеу аспаптары да бар.

Ультрадыбыстық зерттеу аппараты, флюрографиялық аспап, шағын ота бөлмесі, зертханалар мен сымсыз интернет те орнатылған.

Еске салайық, «Саламатты Қазақстан» жобасы қайта жанданып, рельстегі емхана теміржол жеткен шалғай елді мекендерді аралауға шыққан болатын.

Президент телерадиокешені - «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі болып отыр.


Соңғы жаңалықтар