«Саламатты Қазақстан» медпойызы Тишинская стансасына аялдайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең, 27 мамыр күні «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Тишинская стансасына жетеді. Станса тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық пойыз Тишинская стансасына таңертең 09:11-де жетеді. Ал бір күннен кейін, 28 мамыр күні сағат 18:00-де қайта жолға шығады.

Пойыз бағдары медициналық кабинеттері жоқ өңірлерді қамтиды.

Демек, биыл шалғай стансалардың тұрғындары тегін тексеруден өтіп, терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр сынды біліктілігі жоғары мамандардан ем алады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен, УДЗ-мен, флюорографиялық аппаратпен, шағын ота зертханасымен, интернетке сымсыз қосылуға мүмкіндік беретін байланыс құралымен жабдықталған.

Бұған дейін, 2023 жылғы 10-22 мамыр аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жетісу облысының алты шалғай бекетін жүріп өткен болатын.

Денсаулық керуені қызметкерлері Көксу, Қалпе, Лепсі, Ақтоғай, Бескөл және Достық стансаларының тұрғындарын қарады.

Медициналық пойыз Жетісу облысынан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша турға аттанды. Дәрігерлер Жарма, Ертіс зауыты стансаларының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.

Айта кетейік, 26 сәуірде Алматы-2 станциясынан басталған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 6 желтоқсанға дейін жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Медициналық пойыздың қазіргі қозғалыс кестесі шалғайдағы станцияларда медициналық пункттер жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалған.


Соңғы жаңалықтар