Сальвадордың бұрынғы президенті 56 жасында қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақшаға қатысты астыртын әрекеттер жасауда күдікті танылған, комада жатқан Сальвадор елінің бұрынғы президенті Франсиско Флорес сенбі күні кешке 56 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігінен.

Флорес Сальвадорды 1999-2004 жылдар аралығында басқарған. Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, ол Тайвань үкіметінің Сальвадорға 2003-2004 жылдары берген 15,3 миллион долларға чектарды ұрлаған. Бұл ақша АҚШ және Коста-Рика банктары арқылы өтіп, одан кейін Багам аралдарына ауыстырылған. Флорестің өзі бұл айыптарды жоққа шығаруда.

Флорес ұзақ уақыт бойы әділ соттан жасырынып жүрді. Ақыры Сальвадор оған Интерпол желісі бойынша іздеу жариялаған. Одан кейін ол сұрауға өз еркімен келіп, соның қорытындылары бойынша судья Флоресті үй қамауына алу шешімін қабылдады. 2014 жылдың қыркүйегінде бұл шешім Жоғарғы соттың түрмеде ұстау шешімімен ауыстырылған, алайда кейін күдікті қайтадан үйқамаққа алынды, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар