Сал, аутизм және басқа да кемістігі бар балаларды оңалту орталығы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Қазақ медициналық қоғамының күндізгі орталығы 40 балаға арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жерде сал, аутизм және басқа да кемістігі бар балдырғандар күндізгі ем-домын қабылдап, уақытын тиімді өткізетін болады. Сондай-ақ бөбектерге логопед сынды басқа да өте қажет деген мамандардың қызметі көрсетіледі.

«Балаларды әлеуметтік-мәдени, спорт шараларға қатыстырамыз.Сондай-ақ психологиялық жағынан көмек көрсетіледі. Мұнда әлеуметтік заңдылықтарды қадағалайтын арнаулы заңгер бар. Әрі ол заң жүзінде кеңес беріп қоймай, жалпы құжат жағынан да көмектесетін болады», - деді қазақ медициналық орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мақсат Әбдіқадырұлы.
null

Балалардың ата-аналары да түрлі психологиялық қолдау тауып, құқықтық мәселелерін шеше алады. Қоғамдық ұйым негізінде ашылған медициналық мекемеге 25 маман жұмысқа алынды.

Соңғы жаңалықтар