Сал ауруына шалдыққан бойжеткен киноға түспек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «АРДИ» сал ауруына шалдыққан балалар қоғамының тәрбиеленушілері Динара Шәріпова мен Тахир Омаров киноға түспек. Әлеуметтік жобаны «Қазақфильм» киностудиясы қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы әлеуметтік фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілмек.

«Қыз бен Теңіз» фильмінде церебралды сал ауруымен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру. Уақыт өте Әсел БЦП-мен ауыратын Тахир есімді жігітті кездестіріп, өмірі өзгереді.  Фильмнің режиссерлері әрі сценарий авторлары - Мұхамед Мамырбеков және Әзизжан Заиров.
null

«Қыз бен теңіз» фильмі - мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірін баяндайтын «Шексіз мүмкіндік» дилогиясының екінші бөлімі. «Болсам ба әлде болмасам ба» атты бірінші бөлім арқылы біз БЦП-мен ауыратын жас жігіттің өмірін көрсетуге тырыстық.  Ал осы фильмде бойжеткеннің өмірін көрсетеміз. Фильм негізіне «Арди» оңалту орталығының тәрбиеленушісі Динара Шарипованың өмірі алынған. Картинада ол басты рөлді сомдайды. Динара өзінің өмірге деген көзқарасымен, өмірсүйгіштігі және мінезінің жұмсақтығымен ерекшеленеді. Өзінің ауруына қарамастан ол толыққанды өмір сүреді. Жоғарғы білім алып, қаладағы банктердің бірінде жұмыс істейді. Шығармашылыққа да өте жақын, аяғымен суреттер салып, дені сау адамдарға өз-өзіне сенуге көмектеседі. Фильмде біз оның шексіз ішкі жан дүниесін ашып көрсетпекпіз, - деді фильмнің режиссері әрі продюсері Әзизжан Заиров.
null

Айта кетсек, фильмде басты рөлдерді «АРДИ» оңалту орталығының оқушылары сомдайды. Мысалы, дилогияның бірінші бөлімінде басты рөлді сомдаған актер, БЦП-мен ауыратын Тахир Омаров ойнайды. Сондай-ақ, фильмге Эмир Байғазиннің «Төрт оқиға» фильмінде басты рөлді сомдаған  Қанағат Тасқараев та түседі.
null

«Бұл картина арқылы біз көрермендерге тек мүгедек жастардың ғана емес, мүмкіндігі шектеулі барлық жандардың күнделікті проблемаларын ашып көрсетпекпіз. Қоғамда өз орнын тауып, тең мүшесі болу үшін осындай адамдардың өмірімен, тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, көрермен оларға түсіністікпен қарап, тіпті өздерінің күшіне де сене алады. Біздің туынды тек мүгедектерге ғана емес, сонымен қатар барлығымызға да арт-терапия болмақ, - деді режиссер Мұхамед Мамырбеков.
null

2017 жылдың сәуірінен бастап режиссерлік сценарий жазылып, фото және бейне байқаулар жасалып, түсірілім локациялары анықталды. Әзизжан Заировтың айтуына қарағанда, дайындық кезеңі барысында барлық департамент өкілдерімен, оның ішінде қоюшы суретшімен, оператор және жарық түсурішілермен үлкен жұмыс атқарылған. Оған қоса, режиссер фильмнің актерларының дикциясын дұрыс қою үшін, күнделікті логопедтер жұмыс істегенін айтты. 
nullnullnullnull

Фильм Алматыда түсірілмек.

Соңғы жаңалықтар