Сал ауруына шалдыққан баланы буындырып өлтірген күтушіге үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сал ауруына шалдыққан баланы тұншықтырып өлтірген тәрбиеші 15 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

 «Істі егжей-тегжейлі қараған судья азаматшаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3 және 14-тармақтарының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, аталған қылмыс ағымдағы жылдың наурыз айында Талғар ауданындағы балаларға арналған мамандандырылған мекемелердің бірінде болған. Тергеу анықтағандай, тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйел сал ауруына шалдыққан науқас баланы тұншықтырып өлтірген.  

 

Соңғы жаңалықтар