Сал ауруы емделеді: Оңтүстік дәрігерлері неміс тәжірибесін үйренуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы келген неміс дәрігерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын дамытуды үйретуде. Халықаралық дәрежедегі тренерлер өңірдегі оңалту орталықтары мамандарын «Кинестетикс» ғылымы бойынша оқытып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік мамандар өңірдің денсаулық сақтау басқармасының  шақыртуымен арнайы келген.

Олар жуырда ғана ашылған № 1 облыстық балаларды оңалту орталығында  өз тәжірибелерімен бөлісуде.  Сондай-ақ, олар тірек қимылы шектелген жеткіншектердің  қозғалысын дамытуға және арттыруға көмектесуде.

Өңірдегі орталықтардың қызметкерлеріне баланың  қимыл қозғалыс тәсілдерін үйрете отырып,  оларға күтім жасауды да көрсетіп жатыр. Халықаралық тренерлер Норберт Фельдманн мен  Кернер Лилия оқу барысында  науқас балаларды да қабылдап, ата аналарына  кеңес беруде.

Сала мамандарының сөзіне қарағанда, Кинестетикс ғылымы бойынша   тәжірибе алмасу елімізде алғаш рет  Оңтүстік Қазақстан облысында  қолға алынып отыр. Бұл ғылым Еуропа елдерінде 30 жыл бұрын енгізілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс атқаратын  барлық медицина қызметкерлері міндетті түрде оқытылатын ілімдердің бірі болып табылады. Қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға   заманауи деңгейдегі  қызмет түрін көрсетуге бағытталған шара   мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын жақсартуға,  мүгедектік дәрежесін едәуір төмендетуге  және мүлдем жоюға өз септігін тигізеді.

Арнайы жаттығу сабақтары қантар айының 27-іне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар