Сал ауруларына шалдыққан балалардың ата-аналары Айкуне гимнастикасымен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Сал ауруларына шалдыққан балалардың ата-аналары Айкуне гимнастикасының негіздерімен танысты.

Жаттықтырушылар сегіз күн бойы шеберлік сабақтарын өткізді, оған 20 ата-ана қатысты, деп айтты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Тренинг кезінде ата-аналарға БЦП диагнозы қойылған балалардың денсаулығына үшкүндік интенсивті түзетуді қалай жүргізу керектігін түсіндірді. Барлық сабақтар жаттықтырушылардың басшылығымен өтті. Айкуне гимнастикасын Абай емші ойлап тапқанын айта кету керек. Оның гимнастикасындағы қозғалыс қаңқа бұлшық еттеріне амплитуда беретін табан саусақтарының ұшынан басталады. Оларды керіп-созу көру, есту және тыныс алуға әсер етеді. Осы қозғалыстар омыртқаны жақсы жағдайда сақтауға бағытталған.

Айкуне гимнастикасы бойынша оқыту жобасын ұйымдастырушылар оны Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынбақшы. Бұдан басқа, «Ұлы Дала мұрасы: бүкіл әлемнің мүгедектікке қарсы күресі» қоғамдық қорының «Мен жеке Айкуне - өз отбасымның сынықшысымын» қазақстандық жобасы тәжірибе түрінде өтуде. Осының барлығы ОҚО-ның аудандары мен ауылдарында «БЦП диагнозымен ауыратын балалардың ата-аналарын үздіксіз оқыту мектептерін» енгізу үшін жасалуда. Шымкенттегі шеберлік сабақтарына қатысатын балаларды тренингке дейін және одан кейін облыс дәрігерлері тексергені атап өтілуде. Медициналық қызметкерлер денсаулықты үшкүндік интенсивті түзетудің нәтижесі байқалғанын және ата-аналардың өздерінің арқасында 100 пайызға жеткенін атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар