Сақырлаған сары аязда алматылық полицейлер мұқтаждарға көмек беруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы сақырлаған аязда жолда қалған, көмекке мұқтаждарға қол ұшын созып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, осы аптада еліміздің жеті облысы қатты аязбен бетпе-бет келді. Ауа райының қолайсыздығы автокөліктерді, әуе рейстерін, коммуналдық-шаруашылық қызметтерінің жұмысын тоқтатып тастады. 
Аптаға созылған аяз оқушыларға кезектен тыс демалыс берді. 22 қаңтардан бастап Ақмола, Павлодар (-40 градусқа жеткен), Солтүстік Қазақстан (-30), Қостанай (-27), Алматы (-30) облыстарында, Алматы (-28) қаласында сабақ тоқтатылды. Бет қаратпайтын үскірік Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының да оқушыларын да сабақтан «босатты».
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күнделікті қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға 2 мыңға жуық полиция қызметкері шығады.
Әсіресе тәртіп сақшылары үскірік аязда қиын жағдайда қалған азаматтарға қол ұшын беріп, көпшіліктің алғысын алып жатыр.
Мәселен, әкімшілік учаскеде қызметін өтеп жүрген жол-патруль полициясының экипажы үскірік аяздан оталмай қалған көлікті оталдыруға жәрдем берді.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 25, 2018 at 3:49 PST


Сонымен қатар, бүгін таңғы 9:00 шамасында қызметтік көлігімен өтіп бара жатқан полиция қызметкері Рысқұлов көшесінің бойында тұрып қалған троллейбусты байқаған.
Қоғамдық көлік жолды жауып, кептеліс тудырғандықтан, полиция қызметкері техникалық көмек келгенше троллейбусты жол шетіне итеріп шығарып берді.
Сондай-ақ, «Буран-087» экипажы полкінің полицейлері бетонараластырғыш жабдықты жүк көлігіне тиеуге көмектескен.

Публикация от |Алматы ДТП| (@almaty_dtp) Янв 20, 2018 at 5:43 PST

Полиция қызметкерлері қолына күрек алып көктайғақты болдырмау мақсатында коммуналдық қызметшілерге құм себуге қолғабыс жасады. 

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 16, 2018 at 8:16 PST

Соңғы жаңалықтар