Сақылдаған сары аязда алматылықтар бірін-бірі тегін жеткізіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сақылдаған сары аяз Алматының жүргізушілерін де қайырымдылық іске біріктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бастама Инстаграмдағы kris_p_almaty паблигінде көтерілді.

Аты-жөні белгісіз азамат Бағанашылдан Достық-Қажымұқан көшесіне жолаушыларды тегін жеткізе алатынын хабарлаған. Оның идеясын алматылық жүргізушілер жаппай қолдап жатыр.

Қайырымды жандар телефон нөмірлерін, уақытын, мекенжайын қалдырып жатыр.

Осы уақытқа дейін мұқтаж адамдарды тегін жеткізуге 30 шақты адам ниет білдірді.

Олардың арасында тек сұлу қыздарды ғана тегін жеткізем дегендер ғана табылып жатыр.

Сонымен қатар, жаяу адамдар да қажетті мекенжайларын жазуда.

Айта кету керек, қалалық ТЖД 24-29 қаңтарда Алматыда түнде ауа температурасы 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған болатын. Төтенше жағдай департаменті қатты аязда аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес берген еді.

Ал мектептерде сабақ жел екпіні күшейген жағдайда ғана тоқтатылмақ.

Синоптиктердің болжауынша, үскірік аяз келесі аптаның басында сынады.

Соңғы жаңалықтар