+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сақтықты өзімізден бастау – азаматтық парызымыз – Шолпан Қыдырниязова

2020 жылғы 2 шілде 22:55
Бөлісіңіз:
Сақтықты өзімізден бастау – азаматтық парызымыз – Шолпан Қыдырниязова

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Мемлекетіміз дамыған елдердің өзін дағдартып, әлемді әлекке салған індеттен елді аман алып шығудың амалдарын іздестіруде. Екі апталық карантиндік шектеу шараларын енгізу – соның айғағы. Осыған орай белгілі айтыскер ақын, тіл жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Қыдырниязова ҚазАқпарат тілшісіне өз пікір-пайымын былайша білдірді.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда карантинге жабылған сауда нысандары қашан ашылады Індетпен күресте қалыптасқан позитивті трендті бекемдеу керек - Рахым Ошақбаев Алакөл мен Бурабайға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесі ПТР-тесттен өтуі керек

Оның айтуынша, қазіргідей күрделі кезеңде ақ желеңді абзал жандар мылтықсыз майданда ажалмен бетпе-бет келіп, жауапкершілік танытуда.

«Ажал құрығынан құтылғандар да, тәжтажал тырнағына тұтылғандар да бар. Індет қаупі әлі сейілмей тұр, таралу қарқыны күн санап кей аймақтарда үдей түсуде, шеңбері шет ауылдарға да жетті», дейді еңбек ардагері.

-Шолпан Батырқызы, ендеше, не істеу керек деп ойлайсыз?

-Мен мемлекет тарапынан енгізілген шектеулерді қолдаймын. Талапты қою бар да, оны орындату бар. «Есірген есік сындырар, берекесіз бесік сындырар», - дегендей, талапты орындамайтындарды, тәртіпке бағынбайтындарды заң шеңберінде қатаң жазаға тарту керек. Әркім өзін қорғау арқылы өзгелерді де қорғайды. Сақтықты өзімізден бастау – азаматтық парызымыз.

-Қолға алынып жатқан шаралардың бәрі халықтың амандығы үшін ғой, осыны сезіне білгенге не жетсін!?

-Иә, айтары жоқ, бәрі де – елдің қамы. Кем-кетігімізді жұрт болып жұмыла түгендейік, кінәласқанның, күнә басқанның пайдасыз екені анық. Кеткенге кесек атып, келгенге өсек айтып, өнбес істің күлін көсеудің де көмегі жоқ. Қолымыздан келетіні – темірдей тәртіпке бағынып, сақтану.

-Соңғы кезде ел ішінде той-топырдың тыйылмай отырғаны жиі талқыға түсуде. Осы орайда не айтар едіңіз?

-Қазіргідей кезеңде, ең бастысы – көпшілік бас қосатын жиындардан бас тарту, отбасылық шараларды шектеулер шешілгенше кейінге қалдыра тұру. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ». Бюджет қаражатына тойланатын «Қала күні» деген шоуды әуел бастан қолдағаным жоқ. Халыққа пайдасы жоқ, шашпа шоуға бөлінген қаржының қала ішілік жолдар мен тозған су құбырларын, коллекторларды жөндеуге бағытталғаны дұрыс. От шашып, ойын ойнағаннан дөп басып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бет бұратын уақыт жетті. Садақаларды да сауап үшін беру керек. Астамшылдық, мақтаншылдық етек алып барады.

«Жұдырық жұмылмай, саусақ сау қалмас, жұдырық жұмылса, жау да алмас», - дегендей, біліктілігімізді, бірлігімізді танытайық, ағайын!

Еске сала кетейік, бұдан бұрын тарихшы Жаңабек Жақсығалиевтің той тойлауды тоқтататын уақыт жеткені жөніндегі сұхбатын жариялаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT